Түркістан облысында және облыс орталығы Түркістан қаласында ағын су тапшылығын жою қолға алынуда

Түркістан облысында және облыс орталығы Түркістан қаласында ағын су тапшылығын жою қолға алынуда

Бүгінгі күні, Түркістан облысында және облыс орталығы Түркістан қаласында ағын су тапшылығын жою, суармалы жерлердің тиімділігін арттыру, ағын су көлемін үнемдеу бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында бірқатар жұмыстар басталып кетті.

Атап айтқанда:

 «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында, «Шошқакөл көлдер жүйесін дамыту» жобасына 1,5 млрд. теңге қаралып, жұмыстар таяу күндері басталу жоспарлануда (жоба құны - 2,4 млрд. теңге);

  • Республикалық бюджет есебінен 2 жоба атап айтқанда, сыйымдылығы 18,0 млн. текше метр болатын «Кеңсай Қосқорған-2 су қоймасын салу» жобасына 2,0 млрд. теңге қаралып (жоба құны – 5,9 млрд. теңге), бүгінгі күнде жұмыстар қарқынды түрде басталды. Сонымен қатар, «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасына 4,0 млрд. теңге көзделіп, бүгінгі күнге 8,0 км канал бетондалды.  

Одан бөлек, «Сырдария өзенінен машиналы әдіспен су беру жобасы» қолға алынып, техникалық экономикалық негіздемесі мен жобалық құжаттары әзірленуде.

  • Жергілікті бюджет есебінен «134 дана тік дренажды ұңғымалардың жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру» жобасына 867,0 млн. теңге қаралып (жоба құны – 2,6 млрд.тг.), бүгінгі күнге 23 дана тік дренажды ұңғыма қалпына келтірілді.

Нәтижесінде, аталған жобалармен Түркістан қаласы жалпы 196,0 млн. текше метр ағын сумен қосымша қамтылатын болады.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 16 нысанда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 9,5 мың га алқаптың суару қабілеті жақсаратын болады.