Түркістан облысының дихандары астық ору науқанына қызу кірісті

Түркістан облысының дихандары астық ору науқанына қызу кірісті

Түркістан облысында ағымдағы жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 851,0 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды. Өткен жылдан егіс көлемі 5,5 мың гектарға ұлғайды (2021 ж. – 845,5 мың га).

Егістікті әртараптандыруға сәйкес, масақты дақылдардың егіс көлемі 7,1 мың га артып, 248,6 мың га (2021ж. – 241,6 мың га) орналастырылды (оның ішінде бидай 201,2 мың га, арпа 47,5 мың га).

Астық оруға қолда бар 759 дана астық комбайндардың 
90-95% қатысуда.

Бүгінгі күнге 23,5 мың га астық орылып (10%), гектар түсімділігі     17,2 центнерден 40,3 мың тн астық қамбаға құйылды.

Биылғы жылы алдын-ала жасалынған болжамдық есеп бойынша әр гектарынан орташа 18,7 центнерден (2021 ж - 10,8 ц/га) жалпы
465,1 мың тонна өнім жинау күтілуде. Бұл өткен жылдан 203,0 мың тн. артық өнім (2021 ж – 262,2 мың тн.).