«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА ӨҢІРДЕ ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА ӨҢІРДЕ ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

«Оңтүстік Қазақстанның» жылыжай жұмыс керлері қауымдыстығы» Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі» мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың атына жолдаған ашық хаты бойынша, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 наурызында,  ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Сапаров, Түркістан облысы әкімдігі өкілдері, облыстағы агроқұрылымдардың қатысуымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселелері талқыланды.

Жиында жылыжайларда алынатын өнімнің өзіндік құнының құрылымында энергия тасығыштарға (жарық, газ, көмір) жұмсалатын шығындардың үлесі 45%-ға дейін жететіндігі және өндірілген көкөністер, көршілес мемлекеттердің (Өзбекістан, Түркіменстан) жылыжайларында өндірілген өнімдермен бәсекелестікке түсе алмайтындығы, бұның себебі, біздегі қуат көздері тарифінің (жарық, табиғи газ, көмір) қымбат болуы және көрші елдерге қарағанда шаруашылықтар қуат көздерін біршама ұзақ пайдаланатындығы талқыланды.

Түркістан облысында 1467,4 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжайлар бар. Республикадағы үлесі 71 %.

Оның ішінде: 75,2 гектар 24 өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлар және 1392 гектар 3342 фермерлік жылыжайлар.

Маусымаралық кезеңде ішкі нарықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз етіп, импорттық өнімдердің үлесін азайту мақсатында жылыжай кешендері маңызды рөл атқарады.

Осы тұста Түркістан облысы әкімдігі тарапынан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жылыжайларға  пайдаланатын қуат көздерінің 50 % дейін субсидиялау тетіктерін әзірлеуді, отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында көрші елдерден келетін көкөніс, бақша өнімдеріне салынатын салық көлемін ұлғайтуды, жылыжай шаруашылықтарының несиелерін төлеу мерзімін созуды, коммуналдық төлемдерге төленетін тариф көлемін күндізгі және түнгі кезеңге бөліп төлеуді, алдағы уақытта ҚР АШМ Министрімен арнайы талқылау ұсынылды.