«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын 2019 жылдан бастап өңірде кеңінен ендіру қолға алынды. 1 гектардан 2 - 2,5 есеге артық өнім алынуда. Ағымдағы жылы 8,9 мың гектарға 2878 жоба жүзеге асырылды. 280,0 мың тн. көкөніс өнімі жиналды (1-ші өнім 164,0 мың тн., 2-ші өнім 116,0 мың тн.).
Мемлекет басшысының жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану тапсырмасына орай, үй іргелік жерлерде жаңа әдіспен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілуде.
Жоба аз қамтамасыз етілген отбасыларды жұмыспен қамтуда, әлеуметтік жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді. 10 соттық үйіргелік жерлерді тамшылатып суғару технологиясымен игере отырып, әр отбасы 1,0 млн теңгеден астам қосымша табыс табуда.
Ағымдағы жылы 525 жоба жүзеге асырылып, о.і «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 162 жобаға қолдау көрсетілді.
Ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектарға орналастырылды. Агротехнологиялық іс-шараларды тиімді жүргізу үшін, 50 пайыз жеңілдікпен 72,0 мың тонна (474 түрлі) минералды тыңайтқыштар және көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арзандатылған бағамен 81,0 мың тонна жанар-жағар май тауар өндірушілерге босатылды.
Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінің түсімділігі орташа 20 центнерге өсіп, өнім өткен жылдан 500,0 мың тоннаға артты. Рекордтық көрсеткіш 3,3 млн. тонна өнім жиналды.
Дәндік жүгерінің түсімділігі 11,6 центнерге өсіп, өнім өткен жылдан 72,0 мың тоннаға артып, 317,2 мың тонна өнім жиналды.
280 мың тонна шитті мақта жиналды. 18 мақта өңдеу зауыттары арқылы тоннасы 320 мың тенгеден қабылданды (бағасы өткен жылдан 2 есеге артты).
Жаңадан 105,3 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1440 гектарды құрады. Бұл Республиканың 71 %.
Республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етуде облыс алдынғы қатарда, өндірілген мақтаның - 100 %, жүзімнің -76 %, бақшаның – 59 %, жеміс-жидектің - 40,0 %, мақсарының - 33 %, көкөністің – 25 %, жүгерінің - 25 % облыстың үлесінде.
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді игеру мақсатында, облыстық бюджет есебінен «GREEN POINT» ғарыштан зонттау, су және жер ресурстарын басқаруға арналған үлкен деректерді талдаудың электронды инновациялық платформасы өндіріске енгізілуде.
Платформа аясында космо-мониторинг жасау негізінде жерді, ағын суды пайдаланудың соңғы 5 жылдық деректері қалыптастырылып, жер учаскелерінің тиімді пайдалануы немесе пайдаланылмауының нақты фактілері айқындалады.