Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының 2021 жылдың 1 тоқсанда атқарылған жұмыстар жөніндегі анықтама

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының 2021 жылдың 1 тоқсанда атқарылған жұмыстар жөніндегі анықтама

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШІНІНІҢ

2021 ЖЫЛДЫҢ I-ШІ ТОҚСАНЫНА ДАМУ
БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

 

Агроөнеркәсіптік кешен - халықты аса маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ететін, елеулі экспорттық әлеуеті бар Түркістан облысының негізгі саласы.

Жалпы өнім көлемі 93,6 млрд.тг құрап, өткен жылдан 13,5 млрд.тг артып, индексі 101,7 % құрады. Республикадағы үлесі 15,8 %О.і өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі  17,6 млрд. теңге, мал шаруашылығы  өндіріс көлемі 75,0 млрд. теңге. Ағымдағы жылы жалпы өнім көлемін 850,0 млрд.тг нақты көлем инлдексін 105 % жеткізу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 4,6 млрд.тг тартылып, тиісті кезеңнен 130,1 % артты. Тамақ өндірісіне 244,2 млн.тг инвестиция тартылды. Жыл қорытындысымен салаға 60,5 млрд.тг (104,3 %), тамақ өндірісіне
9,8 млрд.тг (102,5 %) инвестиция тартылады.

Қайта өңделген өнім көлемі 20,1 млрд.тг, құрап, тиісті кезеңнен
11,6 % артты. Өсім ет өнімдерін өңдеу көлемінің 49,8 %, сүт өнімдерінің
4,5 %, жеміс көкөніс өнімдерінің 7,7 %, өсімдік майын өндірудің 11,0 % және ұн жарма өнімдерінің өңдеу көлемінің 32,4 % артуымен қол жеткізілді.   

Облыста 68,7 мың шаруа қожалығы тіркелген немесе республикалық көрсеткіштің 32 %. Оларда 177,6 мың жұмысшылар еңбек етуде.

Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға 12 бюджеттік бағдарлама аясында 31,4 млрд.тг қаржы бөлінді. О.і Республикалық бюджеттен 16,8 млрд.тг., облыстық бюджеттен 14,6 млрд.тг.  

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін
843,4 мың гектарға (2019 ж. – 829,1 мың га) орналастыру межеленіп отыр.

Масақты дақылдар 241,6 мың га (-4,7 мың га);

Картоп, көкөніс, бақша 125,5 мың га (+5,3 мың га);

Майлы дақылдар 92,7 мың га (+9,2 мың га);

Мал азықтық 215,6 мың га (+2,9 мың га);

Мақта 116,5 мың га (-9,4 мың га).

2021 жылдың өнімі үшін егілген 177,6 мың гектар күздік бидайдың жағдайы жақсы, үстеп қоректендіру жұмыстары жүргізілуде.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар 21,4 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникаларының 96%-ы дайын. I-ші тоқсанға жаңадан
283 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

Бүгінгі күнге, жоспарланған жаздық егістіктің
(506,0 мың га.) 112,1 мың гектары егілді немесе 22%-ға орындалды.

Агроқұрылымдар жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген.

(Егіске қажетті 7.9 мың тн. масақты дақыл, 2,3 мың тн. мақсары, 2,7 мың тн. мақта, 0,55 мың тн. жоңышқа тұқымдары бар. Ал, жүгері, картоп тұқымдары коммерциялық ұйымдардан алынуда.)

37,0 мың тонна жанармай бөлінді (о.і 15,0 мың тн. ақпан, 15,0 мың тн. наурыз, 7,0 мың тн. мамыр айы). Ақпан – наурыз айына қарастырылған жанармай құны толық төленіп, агроқұрылымдарға босатылуда (литрі 158-159 тг.).

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы тарапынан
4,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, оның 3,1 млрд. теңгесіне өтінім түсіп, 2,0 млрд. теңгесі қаржыландырылды.

Облыстың табиғи-климаттық қолайлылығына байланысты, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күні 6,9 мың гектарға (2578 жоба), бірінші өнім көкөніс дақылдары егіліп, өнім жиналуда.

31,1 га жылыжайлар салынып жалпы көлемі 1 277,0 гектарды құрайды, Республиканың 71 %.  I-ші тоқсанға 912,0 гектардан 130,0 тн. өнім жиналды.

Қарқынды баулар көлемі 152 га  отырғызылып жалпы аумағы
3 220  гектарды құрады.

«Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру» жобасы аясында 11,0 мың га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. 2019-2020 ж.ж. Кентау қаласы «Шаға» ауылдық округінде 1567 гектарға 33 бірлік жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді. Ағымдағы жылы 1,5 мың га жаңбырлатып суғару технологиясын орнату жоспарлануда.

Технологияның тиімділігі: дақыл түріне қарай ағын суды
үнемдеп, өнімділікті 2-3 есеге арттырады.

Сондай-ақ, азық-түлік белдеуі аясында құны
34,8 млрд. теңгені құрайтын 6 серпінді инвестициялық жобаларды жүзеге асырылуда.        

  1. «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-нің «1 200 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы құру» жобасы (құны 6,4 млрд. теңге).
  2. «SPK-Sauran» АШӨК-нің «829 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азықтық дақылдардар өсіру» жобасы (құны 1,5 млрд. теңге).
  3. «SPK-Sauran» АШӨК-нің «10,0 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын құру» жобасы (құны 7,5 млрд. теңге)
  4. «Turkistan Fruit» ЖШС-нің «400 га қара өрік отырғызу» жобасы (құны 3,5 млрд теңге).
  5. Әуежай бағытынан «50 гектар заманауи жылыжай кешенін салу» жобасы (құны 15,0 млрд. теңге).
  6. «Агро Жетістік» АШӨК-нің «600 гектар жерге жаңбырлатып суару технологиясын енгізу» жобасы

(құны 960,0 млн. теңге).

«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың
2024 жылғы дейінгі кешенді жоспары»
аясында  195,4 млн.м3 ағын су тапшылығын шешу үшін ірі су нысандары құрылыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:

  1. «Түркістан магистральдық арнасын күрделі жөндеу» жобасы (жоба құны 14,9 млрд.тг); Нәтижесінде 60,0 млн.м3 су үнемделеді және қала аумағында 8 шақырым каналдың ұзындығы абаттандырылып, демалыс аймағы, веложолдар салынады.

2020 жылы каналдың 22,0 шақырым бетондалып, сол жылдың өзінде 11,0 млн/м3 ағын су үнемделді. Канал бойын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, арнайы 62 техника, 428 жұмысшы 2 ауысыммен жұмыс жасауда. 34,5 шақырым бетон жұмыстары жасалынды.

  1. «Сыйымдылығы 18 млн.м3 Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салу жобасы (жоба құны 5,7 млрд.тг);

Үлкен дамбы биіктігі 27 метрге дейін көтеріліп, жоғарғы бефі 40 % бетонмен қапталды. Кіші дамбы толықтай тұрғызылып, жоғары бефі 60 % бетонмен қапталды. Су әкелетін каналдың 9,8 шақырымы толықтай бетонмен қапталды. Су жеткізуші каналдың 14,5 шақырымы қазылды.

  1. «Жетікөл көл жүйесін жаңғырту» жобасы (жоба құны 2,3 млрд.тг);

Нәтижесінде, Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарып, шағын-орта бизнесті және туризмді дамытуға жол ашылады, қосымша
300 млн.м3 су жиналады. Жоба құны 2,3 млрд.тг.

Бүгінгі таңда, Оңтүстік Батыс және Шығыс дамбасының №1, №2  дамбаларының құрылысы толық аяқталып, №3 дамбасы 50 % аяқталды. Бөгет 22 шақырым ұзындыққа көтеріліп, жұмыстар жалғасуда.  Бүгінгі таңда, №1, №2 Шығыс дамбалары суға толып, 250,0 млн.м3 су жинақталды.

  1. «Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасы (Жоба құны
    30,2 млрд.тг).

ТЭН жұмыстары әзірленіп мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. ЖСҚ жұмыстары әзірленуде. Жоба аясында 53 млн. м3 ағын су жеткізіледі.Бұдан бөлек, 2021 жылға облыстық бюджеттен су нысандарын қалпына келтіруге 3 041,6 млн теңге қаржы бөлінді. О.і 13 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына 2 732,0 млн. теңге, 3 нысанды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 168,7 млн теңге, 7 нысанның күрделі жөндеуіне ЖСҚ әзірлеуге 140,9 млн. теңге. Нәтижесінде 51460 га жерді ағын сумен қамтамасыз ету жақсарып, 559 га жер қайта айналымға және 20 га жер жаңадан қосылатын болады. Бүгінгі күні 10 дана тік дренажды ұңғыманың қазу тазалау жұмыстары жүргізілді. 10 каналға жалпы 15 шақырым күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыста мал шаруашылығын дамытуда тұрақты өсім сақталып отыр.

2021 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста ІҚМ басы
6,3% артып 1239,8 мың басты, ұсақ мал 5,8 % артып 5296,2 мың бас, жылқы 8,6 % артып 382,3 мың бас, түйе 13,0 % артып 36,6 мың бас, құс 12,6 % артып 2 190,1 мың басты құрады.

Сәйкесінше ет өндіру 1,3 % артып 55,1 мың тонна, сүт өндіру 3,2 % артып 153,9 мың тонна, жұмыртқа өндіру 16,7 % артып 51,4 млн.дана өндірілді.

ІҚМ және ұсақ малдарды түрлендіру бойынша облыс Республикада бірінші орында.

Ірі қара аналықтың 25,8 % асыл тұқымды бұқамен түрлендірілді (114,9 мың бас) және ұсақ малдың  34,0 % асыл тұқымды қошқарлармен түрлендірілді (760 мың бас).

Сонымен қатар ағымдағы жылы мал шаруашылығы өнімділігін арттыру мақсатында бірнеше жоспарлап қойылып отыр. Атап айтқанда:

- 11290 бас шетелден асыл тұқымды аналық мал басын импорттау;

- Түйе шаруашылығын дамыту іс-шарасы аясында 5 153 бас түйе сатып алу;

-10 млн.данадан басталатын 6 бірлік жұмыртқалы құс фермасын салу;

-500 тоннадан басталатын 6 бірлік етті құс фермасын салу;

-400 бастан басталатын 7 бірлік тауарлы сүт фермасы;

1000 бастық 14 бірлік мал бордақылау алаңын салу;

- 9 595 тн. тауарлы балық өнімін өндіру.

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті 15 түрлі ауруларға қарсы 8,8 млн. доза вакцина егу жұмыстары жүргізілді.

Сарып ауруына қарсы – 137,0 мың. бас ірі қарадан және 575,1 мың. бас уақ малдардан қан сынамалары алынып, ветеринариялық зертханаларда тексерілді.          Нәтижесінде, 172 бас ірі қара және 132 бас ұсақ малдар ауруға  «оң» нәтиже көрсетіп арнайы мал сою орнында сойылып, өңделді.

Құтыру ауруының алдын алу үшін 17,5 мың бас қаңғыбас ит мысықтарды аулап жойылды.

Сондай ақ, «Энзоотиялық» аурулардың алдын алу мақсатында 157 929,8 шаршы метр буферлік аумақтар залалсыздандырылып, жұмыстар жалғасуда.

          Бүгінгі таңда, облыс аумағында эпизоотиялық және энзоотиялық жағдай тұрақты.