
Келес ауданында ерте көктемгі егістік жұмыстары басталды. Аудан шаруалары ауа райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып, ерте пісетін көкөніс дақылдарын егуге кірісті. Атап айтқанда, Біртілек, Қошқарата, Алпамыс батыр және Ақтөбе ауылдық округтерінде қырыққабат, сәбіз және картоп дақылдары егілуде. Биыл аудан көлемінде ерте пісетін көкөніс өнімдерін 6,4 мың гектар алқапқа, ал картопты 1 мың гектар жерге егу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 110 гектар жерге көкөніс дақылдары, 50 гектар алқапқа картоп егілген.