СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының Басқармалар үйінде Түркістан облысының фермерлер одағы төрағасының орынбасары Дәуір Ахатаевтың қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасы, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдырмау шаралары талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың мақсаты — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

Мәжіліс барысында Басқарма басшысының орынбасары Жорабек Жолдасбеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын, бұл мәселе басты назарда екенін жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының 2025 жылдың 21-сәуірі мен 04 маусым аралығында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.