
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында ағымдағы жылдың 14 мамыр – 26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2026 жылдың 18 маусым күні сағат 15:30-да Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәжіліс залында өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына шақырамыз.
Байланыс: 8 (72533)5-91-15
Эл.почта: usx_uko@mail.ru