Арыс қаласының әкімі Қ.Маңқараевтың тұрғындармен кездесу кестесі

Арыс қаласының әкімі Қ.Маңқараевтың тұрғындармен  кездесу кестесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы                3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында, Арыс қаласының әкімі Қ.Маңқараевтың Арыс қаласы және ауылдық округ тұрғындарымен 2025 жылғы  І жарты жылдықта кездесуі:

Ақдала елді мекенінде 2025 жылғы 13 мамырда сағат                    10.00-де Ақдала ауылдық клубы ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 11.00-де аталған ғимаратта;

Дермене елді мекенінде 2025 жылғы 13 мамырда сағат       15.00-де Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта мектебі ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 16.00-де аталған ғимаратта;

Монтайтас елді мекенінде 2025 жылғы 14 мамырда сағат 10.00-де Монтайтас ауылдық клубы ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 11.00-де аталған ғимаратта;

Қожатоғай елді мекенінде 2025 жылғы 14 мамырда сағат 16.00-де Қожатоғай ауылдық клубы ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 17.00-де Қожатоғай ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында;

Байырқұм елді мекенінде 2025 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де Байырқұм ауылдық клубы ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 11.00-де Байырқұм ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында;

 Жиделі елді мекенінде 2025 жылғы 15 мамырда сағат             15.00-де Жиделі ауылдық клубы ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 16.00-де аталған ғимаратта;

Арыс қаласының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы               16 мамырда сағат 11.00-де қалалық мәдениет үйінде, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 12.00-де қала әкімдігінің ғимаратында өтеді.

Жеке қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72540) 5-92-14 байланыс телефоны және a.ertai@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2025 жылғы 16 мамырға дейін сағат 9-00 ден              19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!

  Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.