2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 22,68
трлн теңгеден асты. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері шамамен 4,18 трлн теңгеге (немесе
22,6%) артты.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1
наурызына 21,71 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 21,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,3%.
Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (42,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар
көрсетті, оның көлемі – 8,14 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап
түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 310,13 млрд теңгеден
асты.
Кіріс
2025 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына 497,33 млрд теңгеден аса
зейнетақы жарнасы түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 19,9% немесе 82,46
млрд теңгеге артық).
МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.03.2025
жылға дейін шамамен 416,04 млрд теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%
артық) түсті, МКЗЖ - 22,41 млрд астам теңге (өсім 10,8%), ЕЗЖ – 600,34 млн теңге (өсім 17,2%).
2025 жылдың 2 айындағы ЖМЗЖ көлемі – 58,28 млрд теңге.
Төлемдер мен аударымдар
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша
жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен
260,32 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 129,49 млрд
теңгеге немесе 99% көп.
Шамамен 157,89 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған
біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 36,98 млрд теңгеден асады, бұл өткен
жылғы көрсеткіштен 18,8% жоғары. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін
орташа айлық төлем – 35 616 теңге.
Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 11,93 млрд аса теңге, ҚР
шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – шамамен 5,99 млрд теңге, мүгедектігі
бар адамдарға төлемдер – 551,18 млн аса теңге, жерлеуге төлемдер – шамамен 1,85 млрд теңге
көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 45,13 млрд теңге аударылды.
ЖЗШ саны
2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы
саны - 17,36 млн бірлік. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025
жылдың 1 наурызына 12,53 млн бірлікке жуықтады. Оның ішінде: 11,16млн - МЗЖ бойынша,
724,04 мыңы - МКЗЖ бойынша, 444,64 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.
Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ
туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,83 млн бірліктен асты.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ-пен байланыс: press@enpf.kz