Қала тұрғыны көше бойынан «септик» қаздырамын деп, абайсызда газ құбырына зақым келтірген. Газға жауапты мекеменің мамандары тез арада мән-жайды анықтап, тиісті шаралар қабылдады. Бұл оқиға қала тұрғындарына маңызды сабақ боларлықтай.
Газ құбырына келтірілген ақау мамандардың тез әрекет етуінің арқасында жылдам жөнделді. Мамандар тұрғынға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заңға сәйкес рұқсатсыз ортақ меншікке жататын жерді қазған тұрғынға шара көрді.
Газ беруші мекеме тұрғындарға қазу жұмыстарын бастамас бұрын тиісті мекемеден рұқсат алу қажеттілігін ескертеді. Рұқсатсыз қазу жұмыстары қауіпті жағдайларға, оның ішінде газ құбырларының зақымдалуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда үлкен көлемде айыппұлдар қарастырылған.
Тұрғындардың қауіпсіздігі және газ жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін азаматтар кез келген қазу жұмыстарын бастамас бұрын, міндетті түрде тиісті мекемелерден рұқсат алу керек.
Рұқсатсыз қазу жұмыстарын жүргізу тек айыппұл салуға ғана емес, сонымен қатар қауіпті жағдайлардың туындауына да себеп болуы мүмкін.