АРЫС ҚАЛАСЫНДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ.

АРЫС ҚАЛАСЫНДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ.
Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтёрлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2024 жылғы15 маусымға дейін мына мекен-жайда қабылданады:
Арыс қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі, Әл-Фараби көшесі, №3 , Байланыс тел.: +77479007790
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға (Комиссияның жұмысшы органы – Арыс қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне) мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтёрлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Ескерту:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған
ӨТІНІМ
Отбасы құрамы:
Р\с №
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туыстық дәрежесі
Туған күні (күні, айы, жылы)
Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны
Отбасылық өмір тәжірибесі____________
Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) _______
Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ____________________
Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) ____________________
Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) ____________________
Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
Өзге де құжаттар _______________
Қолы____
Возможно, это изображение текст «Мерей ОТБАСЫ ХЛТТЫК КОНКУРСЫ»