ҚАЛА ӘКІМІ ЕЛ АҒАЛАРЫМЕН БІРГЕ ТАЛ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ЕЛ АҒАЛАРЫМЕН БІРГЕ ТАЛ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ
 
Наурызнама онкүндігіне сәйкес, бүгін 19 наурыз – Жаңару мейрамы. Осыған орай, қаламыздың көркемдік келбетін арттырып, көркейту-көгалдандыру мақсатында қаламызда жаппай тал отырғызу шарасы өтті.
Ерте кезеңнен өскелең ұрпаққа өнегелі іс-саналған ағаш көшеттерін отырғызуға қала әкімі Гүлжан Құрманбековамен бірге қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Арыс қаласының прокуроры Алмас Арыстанбеков, қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасы Тәңірберген Әсіл, мемлекеттік қызметкерлер мен мәслихат депутаттары, ардагерлер мен ақжаулықты әжелер, сондай-ақ әскери бөлім сарбаздары да атсалысты.
Шаһар басшысы бастаған зиялы қауым өкілдері жас өскіндерді Алатау тұрғын ауданына кіре беріс Е.Молдабаев көшесі жиегіне отырғызды.
«Жаңару мерекесінің негізгі мақсаты – қала тұрғындарын тазалыққа шақырып, көктемгі ағаш отырғызу маусымына тарту. Қаладағы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін, сондай-ақ әскери бөлім сарбаздарына шараға үн қосқанына шынайы алғысымды айтамын.» - деді қала басшысы.
Айта кетейік, мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, шаһарды әрі қарай көріктендіру жоспарланған. Жас көшеттерді отырғызудағы көздеген мақсат – Арыс қаласын келешек ұрпақ мақтан ететіндей жасыл желекке айналдыру болып табылады.
 
Возможно, это изображение 6 человек и текст