Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді достық пен бірліктің жарқын мерекесі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекеде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейлік пен ел бірлігінің ортақ тарихи құндылықтары бейнеленеді.
Қазақстандағы әр этнос өкілдерінің өз тарихы бар. Сондықтан, олар 1 наурыздың «Алғыс айту» күні болып аталуын тек ризашылық күні емес, тарихтан сыр шертетін тағылымды мереке деп түсінгеніміз жөн.
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді дана халқымыз. Ата-бабамыз мұны тегіннен-тегін айтпаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде қашан да нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Бүгінде тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этностар «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне топтасуының нәтижесінде, ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Өздеріңізге белгілі, 2019 жылы 24 маусымда қаламызда орын алған төтенше жағдай барысында еліміз елдігін танытты. Қысқа уақыт ішінде қаламыз қалпына келтіріліп қана қоймай дамудың жаңа сатысына қадам басты. Қаламызды қалпына келтіруге атсалысқан, игі істің басынан табылған барша қазақстандықтарға, уақытпен санаспай жұмыс жасаған барша қаламыздың тұрғындарына алғыс айтамын!
Қымбатты арыстықтар!
Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын бүгінгі мереке құтты болсын!
Ортақ шаңырағымыз – Қазақстан тыныштық пен татулықтың мәңгілік мекеніне айналсын!
Ізгі ниетпен,
Арыс қаласы әкімі М.Қадырбек