АРЫС ӨҢІРІНДЕ КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

АРЫС ӨҢІРІНДЕ КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Арыс қаласына қарасты Ақдала, Онтам, Қожатоғай, Байырқұм және Жиделі елді мекенінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Арыс қалалық ветеринарлық қызмет бөлімінің 25 қызметкері санитарлық қорғау аумағында орналасқан қора жайлар мен ғимараттарды конго қырым қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

Қалалық ветеринарлық қызмет бөлімінің паразитолог маманы Дәуренбек Әбдімұратов айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар 10 қыркүйекке дейін жалғасын болады.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі