ТЫЙЫМҒА ҚАРАМАЙ ЖИЫН ӨТКІЗГЕН ТОЙХАНА АНЫҚТАЛДЫ

ТЫЙЫМҒА ҚАРАМАЙ ЖИЫН ӨТКІЗГЕН ТОЙХАНА АНЫҚТАЛДЫ

Осы күндері COVID-19 коронавирустық инфекциясының пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында қала аумағындағы барлық нысандарда шектеу шараларына қатысты талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында Арыс қаласы бойынша арнайы мобильді топ құрылып, жұмыс жүргізуде.

Мобильдік топ құрамына қала әкімдігінің өкілдері, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімі, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мамандары, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері енген.

Мониторингтік жұмыстар жүргізу нәтижесінде Арыс қаласындағы «Алтын ана» тойханасы карантин талаптарын сақтамай, құдалық пен үйлену тойы секілді отбасылық іс-шаралар өткізгені анықталды. Бұл өз кезегінде қаламызда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына алып келуі мүмкін. Сондықтан да жоғарыда келтірілген фактілер негізінде заңға сәйкес тәртіптік шара қолдану үшін жауапты мекемелерге тиісті хабарламалар жолданды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысы қызыл аймаққа енуіне байланысты өңірде карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Ал 23 шілдеде облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің №17 жаңа қаулысы жарияланған болатын

Қазақ және орыс тіліндегі қаулының толық нұсқасымен https://www.facebook.com/akimatarys.gov.kz/posts/1504413969891641  мына сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі