АРЫСТА ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АРЫСТА ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Арыс қаласында Парламент Мәжілісінің депутаты – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззәт Рамазанова мен қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, мемлекеттік атқарушы органдар мен азаматтық қоғамдастық өкілдері және жергілікті кәсіпкер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесті.

Санитарлық-гигеналық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылған жиында Мемлекет басшысының әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу мәселелеріне қатысты тапсырмасын орындау мен Арыс қаласында отбасы институтын нығайту жайы талқыланды.

Басқосуда Арыс қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы Мөлдір Сарыпбекова мен «Асыл жүрек» әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Жазира Абылова арнайы баяндама жасады.

Статистикаға сүйенсек, бүгінгі таңда Арыс қаласындағы тұрғындар саны 76 648 адам. Отбасы саны – 14 886, көп балалы отбасылар – 2 186, неке қиғандар – 149, ажырасқандар – 35.

Ал әйелдердің экономикалық белсенділік үлесі 60 пайызды құрайды.

Жиында азаматтық-құқықтық қоғамды қалыптастыру мен дамыту бағытында мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланып, алдағы жоспар-жобалар туралы айтылды.

Шара аясында жиынға қатысушылар Арыс қаласында орналасқан И.Журба атындағы жалпы орта мектеп пен «Алтын тұмар» балабақшасында болды. Сондай-ақ, қаламызда жақында ғана ашылған «Тең қоғам» әлеуметтік оталығы мен «Ардагерлер орталығын» және «Әлеуметтік дүкенді» аралап, қызметімен танысты.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі