САЛАУАТТЫ ӨМІР ҰСТАНЫМЫ - СЕРПІН БЕРЕДІ

САЛАУАТТЫ ӨМІР ҰСТАНЫМЫ - СЕРПІН БЕРЕДІ

Бүгін қалалық орталық спорт кешенде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мүмкіндігі шектеулі зағиптар арасында (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қол күрес, арқан тарту) жарысы өткізілді.

Ауданаралық жарысты қала әкімі  Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы ашып, спортшыларымызға сәттілік тіледі. 

Сайысқа  Арыс, Кентау қалалары және   Отырар, Ордабасы аудандарынан келген командалар  өз өнерлерін салып, бір-бірлерінен кем түспейтіндігін дәлелдеп, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Командалар өзара шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қол күрес, арқан тарту сынды сайыстарда бақ сынасып,  жалпы жарыстың нәтижелері бойынша   Ордабасы командасы 1-ші орын, Арыс командасы 2-ші орын, 3-ші орынды Отырар ауданы қанжығасына байлады. Жарыс жеңімпаздарына қала әкімі Г.Құрманбекованың  арнайы дипломы тапсырылып,  медальдар тағылды. Жүлдегерлер  бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі