ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Арыс қаласының әкімі  әкімі Гүлжан Мамытқызы  ардагерлермен кездесу өткізді. Жүйелі ой мен салмақты пікір айтылған кездесуге қала әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбеков, ұйымдастыру-инспекторлық бөлім басшысы А.Манапов және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Қала және ауылдық округтерден келген еңбек ардагерлерімен жүздескен шаһар  басшысы мұндай кездесулердiң маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, қалада атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндап, барлық мәселе мәмілемен шешілетініне тоқталып, билер кеңесін жаңғыртудың маңызын жеткізді.

«Әлемдік деңгейде таралған короновирус пандемиясының  күнделікті өмірімізге өзінің ықпалын тигізіп жатқаны баршаңызға белгілі. Бірақ қалалық әкімдік және  ауылдық округ әкімдіктері  мен мемлекеттік органдардың жұмысы бір сәтке де  тоқтаған жоқ. Оны әлеуметтік желі мен жергілікті ақпарат құралдарынан көріп отырсыздар. Қазіргі таңда  көпшілікпен өткізілетін жиындарға  тыйым салынғанын білесіздер. Енді шағын топтармен жиынды ұйымдастырамыз.  Ауылдық округтерде  ақсақалдарды жинап, жергілікті жерде қалыптасқан мәселелерді  талқылаймыз. Өйткені ардагерлер елдегі жағдайды  жақсы біледі.»,-деді қала әкімі Г.Құрманбекова

Кездесу барысында Арыс қаласының  әлеуметтiк-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуы мәселесі ортаға салынды.

Ақдала ауылының ақсақалы Ә.Қабыштаев, дерменелік А.Әлфетаев, сырдариялық Н.Исаев, байырқұмдық Ж.Сақ, жиделілік С.Бековтер   өз ойларын жеткізіп, ауылдық округтердегі әлеуметтік бiрқатар мәселелерді көтердi.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі  барлық ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын, алдағы уақытта қала және ауылдық оуругтерде тұратын  ақсақалдарымен кездесуді дәртүрлі түрде өткізіліп тұратынын  айтты.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі