АРЫС: "ҚАУІПСІЗ ЖОЛ" ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

АРЫС: "ҚАУІПСІЗ ЖОЛ" ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Арыс ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция тобының ұйымдастыруымен  қала және ауылдық округтерде «Қауіпсіз жол» және «Автобус» жедел профилактикалық іс-шаралары өтуде. Іс- шараның негізгі мақсаты жол көлік оқиғаларының алдын – алу және жол қозғалысын бақылаудың тиімділігін арттыру болып табылады. 2021 жылдың 17 мамыр -16 маусым аралығында жүргізіліп жатқан шаралар  Арыс қаласы аумағында жол көлік апатына жол бермеу жөніндегі профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына бағытталған.  Іс – шарады жүргізу  кезінде ҚР ӘҚБтК–нің 593-бабы 1-б бойынша 206-хаттама, 595 бабы бойынша 7- хаттама, 615 бабы 160-хаттама, 590 бабы бойынша 29-хаттама, 590 бабы 7-б бойынша 2-хаттама ,608 бабы бойынша 3-хаттама, 596 бабы 3б бойынша 2-хаттама, 463 бабы бойынша 1-хаттама толтырылған.  Авариялық қауіпті учаскілерді тексеру барысында 16км қашықтықта тексеріліп 3 - жол белгісі жаңартылып орнатылды.

Құрметті көлік жүргізушілер, баршаңызды жол ережелерін сақтауға шақырамыз.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі