КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«Бүгінде Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясының қызметін жаңғырту жұмыстары қарқынды әрі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл ретте қоғамдық қабылдаулардың маңызы зор. Халықтың «Nur Otan» партиясына деген көзқарасы да, көп жағдайда, осы қоғамдық қабылдаулардың жұмысының нәтижесіне байланысты екені сөзсіз. Сондықтан ашық және тиімді түрде жұмыс істеу аса маңызды. Қоғамдық қабылдауға үлкен үмітпен келген әр азамат заң шеңберінде қолдау тауып, көмек алуы тиіс.

Бүгін қала әкімі Г.Құрманбекова «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға қала және ауылдық округтерден 25 тұрғын қатысты.

Халықтың көмек сұрап келгендегі көтерген мәселелерінің басым бөлігі 2019 жылғы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғын үйіне жүргізілген құрылыс жұмыстарына қатысты, жұмыспен және баспанамен қамту, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты. Тиісті азаматтардың өтініштері жеке-жеке қаралып, құжат толтырылып, өз мерзімінде қарап мәселені шешу үшін сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.