ЗАҒИП ЖАНДАРДЫҢ ЖАЙ КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

ЗАҒИП ЖАНДАРДЫҢ ЖАЙ КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Күн сәулесін бір сәтке болса да көру – зағиптар үшін өмірдегі баға жетпес, ең асыл арман. Алайда, олар – жазмыштың жазғанына жасымайтын жандар. Сол қасиеттерінің арқасында өмірге деген ынталары қайта арта түспесе, кеміген емес. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі. Мүгедектерді қоғамға бейімдеуде, олардың әлеуметтік топ ретіндегі ерекшеліктерін, психологиясын білудің маңызы зор.

Бүгін  қала әкімі Гүлжан Мамытқызы   облыстық «Зағиптар қоғамынның» Арыс қалалық филиалында   болып, олардың тұрмыс тіршілігімен, жай-күйімен танысты.  Зағиптар қоғамының қалалық филиалы  2016 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Зағиптар қоғамында бүгінгі таңда 142 азамат тіркелген.

Филиал төрағасы С.Құдайқұлов қала әкіміне қала әкіміне зағип жандардың жағдайын білу үшін орталыққа келгеніне алғыс білдіре отырып, көңілі қаяу жандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін  өтініштері мен  ұсыныстарын берді.

Қала әкімі Г.Құрманбекова ұсынысты қабылдап, сала басшыларына зағип жандардың әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталған тапсырмалар  беріп және зағип жандардың мәселесін үнемі назардан тыс қалдырмайтындығын  жеткізді.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.