Нотариустарсыз жылжымайтын мүлікке шарттарды жылдам рәсімдеу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкін болды

Нотариустарсыз жылжымайтын мүлікке шарттарды жылдам рәсімдеу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкін болды

Әріптестікті кеңейту аясында «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мен «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Мұхаддас Ақылбек Мұхаддасұлы және «Түркістан» ӘКК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Бупежанов Мамыр Кахарманұлы қол қойды.

Меморандум облыс орталығында және облыстық бағыныстағы қалаларда Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы салынып жатқан көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің барлық түрлерін (сату-сатып алу, сыйға беру) тез ресімдеу үшін персоналды менеджер қызметін пайдалану мақсатында жасалды. Бұл ынтымақтастық жоғарыда аталған қызметтерді нотариустар арқылы алу қажеттілігін жояды. Қызметті қалай алуға болады?

Алдымен сайт арқылы egov.kz немесе eGov mobile мобильдік қосымшасы кезекті брондау қажет.

ХҚКО-да жеке менеджермен келісім-шарт жасаңыз және менеджер қызметінің құнын төлейсіз. Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, төлем дереу жасалады. Егер сіз заңды тұлға болсаңыз - қызмет төлемі орындалған жұмыс актісіне сәйкес жүргізіледі.

Қызмет құны 8500 теңге, бұл нотариустарға қарағанда төмен.

Шарт жасасқан сәттен бастап сізде:

- уақытты үнемдеу және құжаттарды рәсімдеу машақатынан құтылұ;

- қызмет нәтижесі сізге ыңғайлы жерге жеткізіледі;

- сіз адамдар көп жиналатын жерден аулақ боласыз.

Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.