Қала әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтады

Қала әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтады

Құрметті мұсылман қауым!

Сіздерді рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев  халқымызды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, жаңашыл ойлап, қоғам үшін игі іс жасауға, өн-бойымыздағы рухани құндылықты жаңғыртуға үндеуде. Ал, рамазан - рухани жаңғыруымызға септігін тигізіп, иманымызды күшейтеді.

Еліміздің кемелдену жолында рухани жаңару мұсылман қауымы үшін аса маңызды. Мұсылмандық міндеттерді халыққа насихаттап отыру, рухани құндылықтарымызға орасан зор ықпал етеді.

Короновирустық инфекция таралуының алдын ала отырып, дін қызметкерлерінің ұстанымдарын орындауға бірге ат салысайық. Рамазан айы құтты болсын!

Ниет етіп бекіткен оразаларыңыз қабыл болсын!

Ізгі ниетпен, Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова