Арыс қаласы әкімі Г.Құрманбектің төрағалығымен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және мекеме, кәсіпорын басшыларының қатысуымен жиыны өтті.

Арыс қаласы әкімі Г.Құрманбектің төрағалығымен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және мекеме, кәсіпорын басшыларының қатысуымен  жиыны өтті.

Жиында ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлімдердің жұмыстары зерделеніп, ұсыныстар қаралды.  Қала басшысы Гүлжан Мамытқызы:  

Коммуналдық сала бойынша:

 «Арыс қаласын - таза қалаға айналдыру басым бағыттардың бір»,   бұл күн тәртібінен түспейтін мәселе,  санитарлық тазалық жұмыстары – қоқыс жиналатын полигоннан бастау алуы керек»,  ағаш, гүл көшеттерін егу ғана емес өндіру мәселесі,  қалада және ауылдық округтерде санитарлық талаптарды сақтау жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырамын.

Кәсіпкерлік саласы бойынша:

Барлық кәсіпкерлік   нысандарға зерделеу жұмыстарын жүргізуді, азық-түлік нарығына тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жандандыру керек.

 Кәсіпкерлік бөлімі қатыстылығына қарай сала  мамандарын  қоса отырып, жұмысшы топ жасақтасын. Аталған жұмысшы топ, қаладағы әр кәсіпкерлік нысан иесімен бірлесе отырып, ғимараттың талапқа сай безендірілуін, абаттандырылуын, ағаш, гүл көшеттерін отырғызып, көгалдандыруын ұйымдастырсын.

 Қала аумағындағы орналасқан  құрылысқа қажетті құм өндіретін  (карьер) кешендердің  аумағына ауыр жүк көліктерін жуатын көлік жуу құрылғыларын орнату жұмыстарын ұйымдастырылсын.

Ауылшаруашылығы, жер қатынастары  саласы бойынша:

Егінге су жеткізу мәселесі бойынша шаруалармен және ауыл әкімдерімен бірлесе отырып, тиісті мәселені шешу үшін нақты шаралар қабылдансын. Мақсатына сәйкес пайдаланылмай жатқан жер телімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ақпарат ұсынсын.

Әлеуметтік сала бойынша:

Қаладағы және ауылдық округтердегі  мобильді топ мүшелері  кез келген хабарға шұғыл әрекет етіп, карантин талаптарын бұзған азаматтарға заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.

Ішкі саясат  бөлімі  «Арыс қаласының 65 жылдығына» орай,  кешенді мәдени шаралардың жобасын дайындап, атқарылған жұмыстарды БАҚ және әкімдіктің әлеуметтік желілердегі  ресми парақшалары арқылы халыққа жүйелі түрде ақпарат таратуды ұйымдастырсын – деп, тапсырма берді.

Қала әкімі Г.Құрманбекова:  Барша мемлекеттік қызметкерлер қала және ауылдық округ тұрғындарымен  тығыз қарым қатынаста жұмыс жасауы қажет.  Әрекеттеріңіз нақты нәтижеге бағытталуы тиіс – деп жиынды қорытындылады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі