АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕШІТ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕШІТ ИМАМДАРЫМЕН  КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова  қала және ауылдық округтерде орналасқан  мешіт имамдарымен кездесу өткізді.

Жиынға  қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек, ардагерлер кеңесінің төрағасы, қала және ауылдық округ  имамдары қатысты.

Қала әкімі Гүлжан Мамытқызы: Жиынға қатысушыларды  қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, өз сөзінде: Дәстүрлі дінімізді дұрыс түсіндіру қай уақытта да өзінің өзектілігін жоғалтпайтыны ақиқат.  Қасиетті айда қала тұрғындарын ізгі іске бастауда имамдар белсене әрекет етуі тиіс-деп атап өтті.

Жиында пандемияның алдын алу шараларына сәйкес   карантин  режимін сақтай отырып, насихат жұмыстарының  іс-тәжірибесін жетілдіру сынды мәселелермен бірге, қала аумағындағы  діни тұрақтылық ахуалы талқыланды.

ҚМДБ-ның Арыс қаласының  бас имамы Қ.Қазыбаев діни ахуал мәселесі мен имамдардың атқарып жатқан жұмыстары және басқа да өзекті жайттар жөнінде баяндады. 

Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек,  жалпы діни жағдай және оны тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар ортаға тасталды.

Өз кезегінде, Арыс қаласының бас имамы Қ.Қазыбаев, орталық «Ысқақ» мешітінің іс басқарушысы Ш. Мәмбеталиев, «Рәтәй қажы» мешітінің имамы П.Ізбасханов, Байырқұм ауылы  «Рысқұл Аман» мешітінің имамы А.Зәуірбектер қала және ауылдың қоғамдық өміріне байланысты өзекті мәселелерді көтерді. Тиісті мәселелер қала әкімі Г.Мамытқызының  тапсырмасына сәйкес хаттамаға түсіріліп, мерзімі белгіленіп, бақылауға алынды.

Шара соңында қала әкімі Г.Құрманбекова қала және ауылдық округтердегі  тұрғындар арасында сенім мен өзара сыйластықты нығайту бағытталған жұмысты жандандыруды, экстремизм мен терроризмсіз бейбіт қоғам құру жолындағы маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін алдағы уақытта бірлескен жұмыстар атқару қажеттілігін атап өтті. "Батаменен ел көгерер" демекші, осынау алқалы жиында Қожатоғай ауылдық округінің имамы С.Датқаұлы ел игілігі мен татулығын тілеп бата берді.

Арыс қаласы әкімінің  баспасөз қызметі