СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

Бүгін Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың бастамасымен қала және ауылдық округтерде сенбілік ұйымдастырылды.

Қала аумағында, елді мекендерде және облыстық маңызы бар жолдардың бойында 257 шақырым жерге санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке еңбек ардагерлері, ақ жаулықты аналармен қатар зиялы қауым өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері, мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысшылары және ерікті жастар қатысты.

Жеңіс саябағынан бастау алған сенбілікте шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы ардагерлермен бірге шырша көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.

Сенбілікте қала және ауылдық округтердегі көше бойлары мен аяқ жолдар, скверлер мен саябақтар тазаланып ретке келтірілді.

Орталық көшелердің бойына және саябақтарға жалпы 370 түп түрлі ағаштар мен шырша көшеттері отырғызылып, жалпықалалық сенбілікке 800-ге жуық адам қатысып, 15 техника жұмылдырылды.

Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.