Қала әкімі Гүлжан Мамытқызы Арыс қаласы бойынша коронавируске қарсы комиссия мүшелері және денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен жиын өткізді

Қала әкімі Гүлжан Мамытқызы Арыс қаласы бойынша коронавируске қарсы комиссия мүшелері және  денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен жиын өткізді

Қала әкімі Г.Құрманбекова денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен кездесу барысында атқарылған жұмыстардың есебін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді. 

Жалпы Арыс қаласы бойынша 2020 жылы 181 азаматтан  коронавирус инфекциясы анықталса, 2021 жылы бұл дертпен ауырғандардың саны 23-ке  жетіп отыр. Карантин режимінің сақталуын қадағалайтын 8 мобильді топ құрылған. Оның 2 қалада 6 ауылдық округтерде жұмыс жасайды.

2021 жылы карантин режимін бұзған 115 азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес хаттама толтырылған. 

Жиында қала әкімі аталған дертпен ауырғандар санының артуына байланысты жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды. 

Атап айтқанда: Арыс қаласыдағы  мониторингтік топтардың жұмысын жүйелі  түрде жүргізіп,  жандандыру керектігі туралы нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, дауыс  зорайтқыш арқылы қала тұрғындары көп шоғырланатын орындарда коронавирустың алдын алу шараларын хабарлау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Шаһар басшысы Г.Құрманбекова: Ең бастысы, халқымыздың  пандемияға деген көзқарасы өзгерді. Пандемияның көптеген белгілері бойынша өзгеше болуы да мүмкін екендігі туралы  дәрігер-мамандардың тарапынан да хабарлануда. Біз мұны ескеруіміз қажет.

Қазіргі таңда  біздің басты  міндетіміз – карантинге жеткізбей, пандемияның алдын алу, халқымыздың денсаулығын сақтау шараларын күшейтуіміз керек» – деді жиында.

Гүлжан Мамытқызы  өз сөзінде  індет жұқтырғандардың барынша нақты есебін алу вируспен күрестің басты талабы екенін айтты. 

Барлық денсаулық сақтау ұйымдарын індеттің алдын алу шараларына толық дайын болуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Індетпен күресу үшін шұғыл күш жұмылдыруға және құралдармен жабдықтауға дайын болуы тиіс-деп сала басшыларына тапсырма берді. 

Коронавирус індетімен қатты ауырған науқастарды емдеуге қажетті жекелеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жетіспеушілігінің алдын алу, шаралар қабылдау үшін ұсыныс енгізуді тапсырды. 

Қала әкімі Г.Құрманбекова  қоғамдық орындардағы  санитарлық жағдай және азаматтар көп шоғырланатын жерлердегі  әлеуметтік қашықтықтың сақталуына кәсіпкерлермен қатар  ішкі істер саласының қызметкерлерінің  жауапты екенін ескертті. 

Сөз соңында Гүлжан Мамытқызы  пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі