ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ.

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ.

Қоғамдағы ең басты мәселенің бірі – Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың мемлекет тарапынан құқығын қорғау, келісім мен бірлікті сақтау болып табылады.

Құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мемлекеттік органдар жүйесі үшін біздің елімізде барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Осы орайда, бүгін қала әкімі Г.Құрманбекова құқық қорғау органдары мен әскери бөлім басшыларын қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сала басшылары өз мекемелеріне қатысты қаланың дамуындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, қала әкімі Гүлжан Мамытқызына ұсыныстар берді.

Қала әкімі Г.Құрманбекова ұсыныстарды назарға алып, мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін, қала әкімдігінің бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арыс қалалық бөлімінің бастығы, подполковник Е.Қуанышбеков, желілік полиция бөлімінің бастығы, полковник С.Рахимов, Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары А.Серікбаев, №44859 әскери бөлімінің командирі міндетін атқарушы, полковник Д.Ақбөкеев, №74884 әскери бөлімінің командирі, майор Б.Қанаев, №16752 әскери бөлімінің командирі, майор М.Адикановтар жаңадан тағайындалған шаһар басшысының жұмысына сәттіліктер тілеп, елдің қауіпсіздігі барысында бірлесе жұмыс атқаратындықтарын жеткізді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі