
Бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Түркістан облысының прокуроры Алиханов Марат Тілеуқабылұлы, қала әкімі Құрманбекова Гүлжан Мамытқызының қатысуымен, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2021 жылдың 6 сәуірдегі бұйрығымен Сейдуалиев Талғат Сатышұлы Арыс ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Сейдуалиев Талғат Сатышұлы 1969 жылдың 9 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында дүниеге келген. 1989 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1994 жылы заңгер мамандығы бойынша білім алып шықты.
Еңбек жолын 1994 жылдың қыркүйек айында Жезқазған қалалық прокуратурасының аға тергеушісі қызметінен бастап, Жезқазған облыстық Мемлекеттік тергеу Комитетінің аға тергеушісі, Ақмола қалалық Мемлекеттік тергеу Комитеті Департаментінің аға тергеушісі қызметтерін атқарды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына қарасты құқықтық статистика және ақпарат орталығының прокуроры, 1998 жылы соттарда қаралған қылмыстық істердің заңдылығын қадағалау Департаментінің аға прокуроры, 2002 жылы Арнайы прокурорлар Басқармасында – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі, 2006 жылы Астана қалалық прокуратурасының қылмыстық істер бойынша қабылданған сот қаулыларының заңдылығын қадағалау Басқармасының прокуроры және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығын қадағалау Басқармасының прокуроры, 2009 жылы Сот актілерін қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету Департаменті басқармасының аға прокуроры, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының прокуроры, 2017 жылы Кентау қаласының прокуроры қызметтерін атқарған.
Тағайындауға қатысқан зиялы қауым өкілдері Арыс ауданының прокуроры Т.Сейдуалиев ел игілігі жолында атқарар істеріне сәттілік тіледі.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.