ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, қалалық ішкі саясат бөлімі, «Жастар Ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Еріктілер мен Ақдала ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері Ақдала ауылдық округінде әлеуметтік аз қамтылған 8 отбасыға азық-түлік себеттерін тарту етті.
Ақдала ауыл тұрғындары көрсетілген көмек үшін ерікті жастарға, ауылдық округ әкімдігіне көптен-көп алғыстарын жаудырып, ақ батасын берді.
Осынау игі шараға атсалысып жатқан барша арыстық еріктілерге ризашылығымызды білдіреміз!
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі