БЖЗҚ-дан жасына байланысты ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңгені құрады

БЖЗҚ-дан жасына байланысты ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңгені құрады

2021 жылдың 1 ақпанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  167 423 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 73,8 миллиард теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 млрд теңге;

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 6,5 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 2,1 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 0,4 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты)  25 886 теңге, ал  ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге болды.