ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ
Арыс қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, ұлттық мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібек туғанына 95 жыл толуына орай «Өнегелі өмір – өшпес мұра» атты аудандық іріктеу байқауы өтті.
Тағылымды шара Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен және Арыс қаласының Абай атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Байқаудың негізгі мақсаты – ұлт руханиятының жанашыры болған Өзбекәлі Жәнібектің өмір жолы мен қоғамдық-мәдени қызметін кеңінен насихаттау, жастардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана оқырмандарының шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Аталған байқауға қала мен ауыл мектептерінен жалпы саны 24 үміткер қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар тұлғаның өмірі мен еңбегін жан-жақты таныстырып, шығармашылық ізденістері мен дайындық деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсете білді.
Іс-шараның ашылуында ұстаз, ақын, журналистер одағының мүшесі Темірхан Әбдіков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде ол ұлттық мұраны дәріптеу – өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Байқауға мәдениет саласының ардагері, мәдени ұйымдастырушы Әмірхан Жұмағұлов пен Арыс қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айжан Адилбекова қазылық етті.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын Арыс қаласындағы С.Қожанов мектебінің оқушысы Серікбай Таңнұрым мен №11 Б.Момышұлы мектебінің оқушысы Бегели Аягөзге бұйырды. ІІ орынды Байырқұм ауылдық кітапханасының оқырманы Ескермес Гүлдана мен С.Адамбеков мектебінің оқушысы Ораз Қымбат иеленді. І орын Жиделі ауылдық кітапханасының оқырманы Сәрсенбек Мейірімге табысталды.
Ал байқаудың Бас жүлдесі мен облыстық кезеңге жолдаманы Саналы ауылдық кітапханасының оқырманы Талжан Айсезім жеңіп алды.
Мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор байқау барысында жас буын тарихи тұлғаның бай мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра түсті.
 
 
Возможно, это изображение телевизор и текст
 
Возможно, это изображение помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст