АНАҒА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА ҚҰРМЕТ: АРЫСТА «ANA FEST – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

АНАҒА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА ҚҰРМЕТ: АРЫСТА «ANA FEST – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Арыс қаласында отбасы құндылықтарын дәріптеу, аналардың қоғамдағы рөлін арттыру және оларға құрмет көрсету мақсатында «ANA FEST – 2026» фестивалі өтті. Ауқымды шара Арыс қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Отбасы күні мен Аналар күніне орай ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға қала тұрғындары, көпбалалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, ардагерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Фестиваль алаңы қазақы нақышта безендіріліп, киіз үй мен көрме ұйымдастырылып, арнайы фотоаймақ келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шараның ашылу салтанатында Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Арыс қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары Ақылбай Құдайберген, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Әбдісаттар Жүніс құттықтау сөз сөйлеп, аналардың отбасы мен қоғамдағы айрықша орнына тоқталды.
Фестиваль аясында «Бақытты ана – бақытты отбасы» тақырыбында мотивациялық кездесу ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы «Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің кәсіби медиаторы Жұлдыз Өтегенова қатысушылармен әсерлі кездесу өткізді. Кездесу барысында ананың отбасыдағы рөлі, эмоционалдық күй, өзін-өзі күту және өмірлік мотивация мәселелері кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар, көпбалалы аналар мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары мен алғыс хаттар табысталды. Мерекелік кештің көркін өнерпаздардың биі, күйі мен ән-жырлары аша түсті.
Іс-шара барысында қатысушыларға арналған шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қолөнер, жеміс-жидекті сәндеу, сән мен стиль бағыттары бойынша пайдалы тәжірибелер ұсынылды.
Мазмұнды шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, естелік суретке түсіп, ақ дастарқан басында еркін форматтағы кездесумен қорытындыланды.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
 
Возможно, это изображение текст "bl AAy ලටම ලලෙගම อีบ Anoлap κyHe yTTbl 6oлcblH! - -6aKblT meKeH.."
 
Возможно, это художественное изображение (текст)
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди улыбаются, свадьба и текст
 
Нет описания фото.