ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жеңіс күні мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен Арыстағы ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсетілді. Қала әкімі Қайсар Маңқараев пен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов және Арыс ауданының прокуроры Алмас Арыстанбеков еңбек майданында ерлік көрсеткен ардақты ана Субботина Анна Яковлевна , абыз ақсақалдарымыз Көлбай Сүгіров пен Алдабергенов Оралбектің шаңырақтарында болып, мерекемен құттықтады.
«Еңбекке ерте араласып, «Отан үшін» ұранына үн қосып, балалық шақтың не екенін сезіне алмадық. Жастайымыздан ауылдағы егіс даласында мақта теріп, мал бағу ісінде араластық.Еңбекке жарамды ерлер майданға аттанып, елде қалған біз сияқты жас балалар ала таңнан көзді тырнап ашып, теміржолдың қатаң тәртібіне бағынып, қара жұмысқа ерте жегілдік.Қара жұмыс пен маңдай тер - адал еңбектің нанынан да дәм тарттырды» - деп ақсақалдар өткен шақты еске алды.
Қала әкімі тыл ардагерлерін 7 мамыр – ҚР Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңiс күні мерекелерімен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады. Елдің бірлігі мен ынтымағының сақталуына мұрындық болып, дәстүрлер сабақтастығын өскелең ұрпаққа насихаттап келе жатқан еңбек ардагерлерінің иығына зерлі шапан жапса, асыл әжемізге камзол кигізіп, ақ орамал ұсынды.
Сондай-ақ, ақылдың кеніші болған ел ағаларына қонақтар жеміс-жидектер мен көкөністер себеттерін табыстады. Мерекелік көңілдері көтеріліп, ақжарқын әңгімелескен ардагерлер қала басшыларына ризашылық білдіріп, ақ баталарын берді.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
Возможно, это изображение текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и свадьба
 
Возможно, это изображение помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и костюм