Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай қала орталығындағы Жеңіс саябағы аумағында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Шара барысында саябақ ішіндегі стэллалар жуылып, маңайы ретке келтірілді. Бұдан бөлек, арамшөптер шабылып, гүлдер мен талдардың түптері қопсытылып, аумақтың көркі кіргізілді.
Мереке қарсаңында жүргізілген тазалық жұмыстары саябақтың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың демалысына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.