АРЫСТА СЕНБІЛІК МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙГЕ ҰЛАСТЫ

АРЫСТА СЕНБІЛІК МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙГЕ ҰЛАСТЫ
Бүгін Арыс қаласында өткен жалпықалалық сенбілік тазалық шарасымен ғана шектелмей, көпшілікке ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелі күнге айналды. Стадион тұрғын ауданындағы қыр беткейінде ұйымдастырылған игі іске арыстық кәсіпкерлер де белсенді қолдау білдіріп, қайырымдылық пен жанашырлықтың үлгісін көрсетті.
Атап айтқанда, «Abeke» палау орталығы сенбілікке қатысқан тұрғындарға ыстық палау таратып, көпшіліктің алғысына бөленді. Ал «Арыс минералды су», «Хан» фастфуд орталығы және «Хадиша таба нан» орталығы шараға келген азаматтарға су мен ыстық нан ұсынып, ізгі ниеттерін танытты.
Сонымен қатар, Mobibo электронды тауарлар дүкені сенбілікке белсене қатысқан тұрғындарды арнайы номинациялармен марапаттап, шараның әсерін одан әрі арттырды. «Ең жас қатысушы», «Ең белсенді қатысушы», «Ең қарт қатысушы» аталымдары бойынша бағалы сыйлықтар табысталып, сенбілік соңы шынайы мерекелік атмосфераға ұласты.
Осындай бірлік пен жанашырлықтың арқасында Арыстағы қарапайым сенбілік елдің ынтымағын айшықтаған жарқын шараға айналды.
Игі іске атсалысқан барша азаматтарға және қала кәсіпкерлеріне алғыс айтамыз. Осы ретте, барша қала тұрғындарын алдағы уақытта да ортақ игілік жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырамыз.
 
Возможно, это изображение текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
Нет описания фото.