Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі, Арыс қалалық төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан және Ақдала, Дермене, Байырқұм, Жиделі, Монтайтас және Қожатоғай ауылдық округтерінің мамандары шаруалармен кездесу өтті.
Кездесу барысында Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарына алдағы уақытта шөп ору маусымында техникалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, дала өртіне қарсы ауыл шаруашылығы техникаларына ұшқынсөндіргіш (искрогаситель) орнату туралы тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарлама таратылды.