Тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша хабарландыру

Тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Түркістан облысы Арыс қаласы бойынша 2026 жылы тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджеттен жалпы 46 850 000 (қырық алты миллион, сегіз жүз елу мың) теңге көлемінде қаражат қаралғанын хабарлаймыз.

 

Оның ішінде 2026 жылғы маусым айында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған және тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға тұрғын үй сертификаттарын беру үшін 10 000 000 (он миллион) теңге көлемінде қаражат бөлінді.

 

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы маусым айынан басталады.

Арыс қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, тұрғын үй сертификаттары халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның 10 пайызы мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын көлемде әлеуметтік көмек ретінде беріледі.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 57-тармағына сәйкес, мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін берілетін тұрғын үй сертификаты тиісті жергілікті атқарушы органның әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде ғана қолданылатынын назарларыңызға саламыз.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Арыс қаласы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» хабарласуға болады.

                             

                                       Жауапты маман: Оспан Салтанат Өміртайқызы

                                           Байланыс телефоны: 8-705-852-74-64