МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында әдеп жөніндегі уәкілі Т.Анашбеков Арыс қаласы әкімі аппаратының бөлім басшылары үшін заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жиыны өткізілді.

Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» бағытындағы төртінші блоктың мазмұны, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы және «2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметте болуға қатысты шектеулер, сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару кезінде және одан тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау міндеті түсіндірілді.

Бұдан бөлек, «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес құмар ойындарға, бәс тігуге немесе интернет арқылы ұйымдастырылатын ойындарға қатысуға қатаң тыйым салынатыны ескертіліп, мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен теріс салдары түсіндірілді.

Сонымен бірге, Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Анашбеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мәселелеріне тоқталды.