МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ZООM-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ZООM-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Арыс қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Zoom-конференциясы арқылы Арыс қаласы әкімдігіне қарасты мекеме басшыларының, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алдын алу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» бағытындағы төртінші блоктың мазмұны, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы және «2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі атап өтілді.

Сондай-ақ, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша түсіндірілді.

Одан бөлек, дербес бөлім басшылары, бөлімге қарасты мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері өздеріне тиесілі қызметтік автокөлікті тек қызмет бабында пайдаланып, демалыс күндері және жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөлікті пайдаланбау қажет екендігі қатаң түрде ескертілді.