
Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер үшін заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жиыны өткізілді.
Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» бағытындағы төртінші блоктың мазмұны, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы және «2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметте болуға қатысты шектеулер, сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару кезінде және одан тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау міндеті түсіндірілді.
Сондай-ақ қатысушыларға 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енген мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі туралы ақпарат берілді. Жаңа жүйе іріктеудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталғанын назарларына жеткізді.
Сонымен бірге, Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Анашбеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мәселелеріне тоқталды.
Жиын соңында мемлекеттік қызметшілер көкейдегі сұрақтарына жауап алып, заң талаптарын тәжірибеде қолдану мәселелері айтылды.