Назар аударыңыз:
Егер сіз күндізгі бөлімде оқитын студент болсаңыз, МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіресіз. Бұл жағдайда жарналарды мемлекет төлейді – өзіңізден төлем талап етілмейді.
Егер оқу барысында жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші сіз үшін аударымдар төлеуден босатылады.
Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болсаңыз, күндізгі бөлімде оқитын кезеңде МӘМС жарналарын төлеудің қажеті жоқ.
Маңызды: Қор жеңілдік санатын тағайындамайды. Бұл мәртебе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері негізінде, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.
Сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы жеңілдік санатыңызды тексеріп отыруды ұсынамыз. Егер мәртебе көрсетілмесе, деректерді нақтылау үшін өз жоғары оқу орныңызға жүгініңіз.
Шетелде оқитын студенттер «сақтандырылған» мәртебесін алу үшін
egov.kz порталы арқылы өздігінен тіркеледі.