СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Анашбековтың қатысуымен қала әкімі аппараты мен дербес бөлім, ауылдық округтердің қызметкерлеріне іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу шаралары және заң талаптарын сақтау мәселелері және қызметтік этиканы сақтау, орындаушылық тәртіпті нығайту, жұмыс режимін сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ әріптестерге жеке діни наным-сенімдерін таңбау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен бірге, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша айтылды.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында жауаптар беріліп, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарын сақтау мәселелері атап өтілді.