АРЫС ҚАЛАСЫ АҚДАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АРЫС ҚАЛАСЫ АҚДАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Арыс қаласы, Ақдала ауылдық округінде мемлекеттік қызметшіледің қатысуымен

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әдеп уәкілі мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау, қызмет алушылармен қарым-қатынаста әрдайым кішіпейіл әрі жауапты болу қажеттігіне тоқталды.

Сонымен бірге, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша айтылды.

Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері және тәртіптік жауапкершілік рәсімдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.