РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА.

РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА.

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуге байланысты Арыс қаласы әкімінің орынбасары Е. Қуандық, қала әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбеков және аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Маханов учаскелерді талапқа сай құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуін қадағалау мақсатында референдум учаскелеріне барды. Аралау барысында мүмкіндігі бар сайлаушылардың референдум учаскелеріне кедергісіз кіру мақсатында жасалған пандустарды және шақыру құрылғыларын, штаб пен дауыс беру орындарының жарақтандырылуын көріп, тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл шаралар қатаң бақылауда болатыны және кемшіліктерді тез арада жою ескертілді.