ZOOM-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ZOOM-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Барлық ауылдық округ әкімі аппараттарының салық мамандары мен дербес бөлімдердің мамандарының қатысуымен декларациялаудың мәні мен маңызы туралы zoom-конференциясымен жиын өткізіліп, декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, декларация (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға Арыс қаласы әкімінің аппараты персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Б.Тагаев заң аясында жауап берді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ал, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша түсіндірілді.

Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері және тәртіптік жауапкершілік рәсімдері бойынша түсіндірілді.