
Бүгін Арыс қаласында Арыс аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен қаладағы қылмыстылық пен құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері бойынша Мекемеаралық мәжіліс өтті.
Жиынға аудан прокурорының орынбасары Темур Әбдірахманұлы төрағалық етті. Қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Анашбеков өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар мен профилактикалық іс-шараларға тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем қатаң төзбеушілік принципін баса айтты.
Сондай-ақ жиынға ҚР ҰҚК ТОД Арыс қалалық бөлімінің өкілі Асылбек Талғатұлы, Арыс АПБ бастығы Бауыржан Қуатов, білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков, ауыл әкімдері мен білім мекемелері басшылары, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Аудан прокуроры Қуаныш Ғанимұратұлы және АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қабылжан Тастеміров қаладағы криминогендік ахуал және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды баяндады.
Мәжіліс қорытындысымен хаттама түзіліп, орындау үшін мүдделі органдарға жолданатын болып келісілді.