
Қала, ауылдық округтеріндегі ауыл шаруашылығы және жол-құрылысы техникаларын пайдаланушы субьектілер, заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналары, трактор тіркемелеріне, жол-құрылысы техникаларына техникалық байқау өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/421 бұйрығымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай 2026 жылғы техникалық байқауы жүргізіледі:
Ауыл шаруашылығы техникаларын жыл сайынғы техникалық байқауға келесі құжаттар ұсынылу қажет:
машиналарды техникалық байқаудан өткізуге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттар ұсынады:
жеке тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі):
осы стандартың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);
заңды тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі):
осы стандартын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);
осы стандартын 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру актісіне енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер;
Техникалық байқау 2026жылдың наурыз айының 2–нен сәуір айының 28-не дейінгі аралықта өтеді.
Арыс қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімінің
бас маманы Е.Маматқұл
Қала, ауылдық округтеріндегі ауыл шаруашылығы техникаларын пайдаланушы субъектілер, заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналары, трактор тіркемелеріне өткізілетін техникалық байқаудың 2026 жылғы арнайы кестесі
|
№ |
Ауыл, поселке әкімшіліктері |
Өткізу уақыты |
Өткізілетін уақыты |
Өткізілетін орны |
|
1 |
Ақдала |
2-3 наурыз 1-2 сәуір |
900- ден 1900- ге дейін |
Ауыл әкімшілігі |
|
2 |
Дермене |
5-6 наурыз 6-7 сәуір |
900- ден 1900- ге дейін |
Ауыл әкімшілігі |
|
3 |
Байырқұм |
10-11 наурыз 8-9 сәуір |
900- ден 1900- ге дейін |
Ауыл әкімшілігі |
|
4 |
Жиделі |
12-13 наурыз 10 сәуір |
900- ден 1900- ге дейін |
Ауыл әкімшілігі |
|
5 |
Қожатоғай |
16-18 наурыз 13-14 сәуір |
900- ден 1900- ге дейін |
Ауыл әкімшілігі |
|
6 |
Монтайтас |
19-20 наурыз 16-17 сәуір |
900- ден 1900- ге дейін |
Ауыл әкімшілігі |
|
7 |
Арыс |
Әр сәрсенбі күні |
900- ден 1900- ге дейін |
Ауыл шаруашылығы бөлімі ММ |