Арыс қаласының «Ауыл  шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері

Арыс қаласының «Ауыл  шаруашылығы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің                          2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы  Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» заңына сәйкес;

 Арыс қаласының  ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан мемлкеттік қызметтер көрсетіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығы бойынша тікелей қызмет көрсету мерзімі                2 жұмыс күні деп көрсетіледі.. Ал электрондық қызмет «Халыққа қызмет корсету орталығы немесе Е-лицензиялау ақпараттық порталы бойынша) қызметі бойынша 1 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетіледі.

Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі -4.

1.Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін

шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру.

2.Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру.

 3.Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу.

4.Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.

Жоғарыдағы көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Халыққа қызмет корсету орталығы немесе Е-лицензиялау ақпараттық порталы бойынша қабылданады.      

Ауыл шаруашылығы бөлімі  жеке және заңды тұлғаларға электрондық түрінде  қызмет көрсетілетіндігін хабайлаймын.

Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жергілікті Арыс қаласының кірістер басқармасына төленуі керек.

нөмірлік белгіге:                          КБК 108126 -   1 АЕК

Техникалық паспортқа:               КБК 108126 -   0,5 АЕК

Тіркеуге алуға:                             КБК 105429 -  0,25 АЕК

Тракторист-машинист куәлігі:   КБК 108126 -   0,5 АЕК

Кепілге қоюға (аресть):         

жеке тұлғалар үшін                      КБК 105429 -  1 АЕК

Заңды тұлғалар үшін                    КБК 105429 -  5 АЕК

 

           

         

          Қосымша мәліметтер алу үшін: Ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің  сенім телефоны 5-92-19